
Сектор мамандарының қатысуымен қала аумағында тұрғындарға жаңадан енгізілген өзгерістер мен тәртіптік шараларға байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, хабарландыру парақшалары таратылды.
Жұмыс барысында тұрғындарға үй маңындағы аумақтарды таза ұстау, тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға шығару, сондай-ақ өсіп кеткен арамшөптерді уақытылы шабу қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, 1 шілдеден бастап абаттандыру қағидаларын бұзуға, қоғамдық орындарды ластауға және тұрғын үйлердің аумағын күтіп-ұстамауға қатысты заң талаптарының күшейтілгені ескертілді. Тұрғындарға заң талаптарын сақтау қажеттігі түсіндіріліп, талаптарды бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделгені айтылды.
Тазалық – баршаға ортақ міндет. Сондықтан тұрғындарды өз аулалары мен көшелерінің тазалығына жауапкершілікпен қарап, қоршаған ортаны таза ұстауға шақырамыз!









