
Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы 1 шілде - Халықаралық сәулетшілер күніне орай қаланың сәулеттік келбетін қалыптастыруға және қала құрылысының сапалы дамуына сүбелі үлес қосып жүрген сала мамандарын марапаттады.
Салтанатты жиында сәулет және қала құрылысы саласында жемісті еңбек етіп, кәсіби біліктілігімен ерекшеленген қызметкерлерге қала әкімінің Алғыс хаты табысталды.
Әзімбек Пазылбекұлы сәулетшілердің еңбегі – шаһардың бүгінгі бейнесі мен ертеңгі дамуының айқын көрінісі екенін атап өтіп, олардың жауапты қызметіне табыс, шығармашылық шабыт пен жаңа жетістіктер тіледі.









