«Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында есірткі өсімдіктері анықталды

    ·
    «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында есірткі өсімдіктері анықталды

    «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Батыр ауылындағы тұрғын үйге жүргізілген тінту барысында құрамында есірткі заты бар өсімдіктерге ұқсас 65 түп өсімдік, сондай-ақ оларды өсіруге арналған құрал-жабдықтар мен есірткі затына ұқсас заттарды анықтап, тәркіледі.

    Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

    Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары