🌿 "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    🌿 "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    🌿"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    Үшарал қалалық округі әкімдігі аппаратының қызметкерлері мен учаскелік полиция қызметкері А. Аппасов "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында Үшарал қаласының тұрғындарына қоқыс мәселесі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

    Іс-шара барысында тұрғындарға тұрмыстық қатты қалдықтарды арнайы белгіленген орындарға шығару, қоғамдық орындардың тазалығын сақтау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау және рұқсат етілмеген орындарға қоқыс тастамау қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар, табиғатты қорғау – әр азаматтың ортақ міндеті екені және санитарлық талаптарды сақтаудың маңыздылығы айтылды.

    Сондай-ақ, заңсыз қоқыс төгу фактілері үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны жөнінде ақпарат берілді.

    Таза қала – өзімізден басталады! Әрбір тұрғынды қоршаған ортаны таза ұстауға, туған өлкеміздің көркеюіне үлес қосуға шақырамыз.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Алакөл ауданы Үшарал қалалық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары