
Салық берешегінің бар (жоқ) екендігі туралы анықтаманы алу жөніндегі нұсқаулық
Жаңа Салық төлеушінің кабинетіне электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы авторизациядан өтіңіз.
- Негізгі мәзірден « Қызметтер » бөлімін ашып, « Қарыз туралы мәліметтерді» қызметін таңдаңыз.
- Сұрау нысанын толтырыңыз:
- анықтаманы алу мақсатын көрсетіңіз;
- анықтама ұсынылатын органды немесе ұйымды таңдаңыз;
- өзіңіздің Мемлекеттік кірістер басқармасының (МКБ) кодын енгізіңіз.
- Енгізілген мәліметтердің дұрыстығын тексеріп, сұрауға ЭЦҚ арқылы қол қойып, жіберіңіз.
- Сұраудың өңделу мәртебесін «Сұрауларды өңдеу нәтижелерінің журналы» бөлімінен қадағалаңыз.
- Сұрау өңделгеннен кейін салық берешегінің бар (жоқ) екендігі туралы дайын анықтаманы жүктеп алыңыз.
https://www.instagram.com/p/DaUsuV9iCTz/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==









