Концерттер, фестивальдер және флешмобтар: Алматыда Ұлттық домбыра күні мен Астана күні қалай атап өтіледі

    Концерттер, фестивальдер және флешмобтар: Алматыда Ұлттық домбыра күні мен Астана күні қалай атап өтіледі

    Алматыда 4-6 шілде аралығында Ұлттық домбыра күні мен Астана күніне арналған бірқатар іс-шара өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтарына концерттер, фестивальдер, флешмобтар, көрмелер, кино көрсетілімдері және ұлттық спорт түрлерінен жарыстарды қамтитын мазмұнды мәдени бағдарлама ұсынылады.

    Мерекелік іс-шаралардың мақсаты – ұлттық мәдениетті дәріптеу, салт-дәстүрді сақтау және рухани құндылықтарды нығайту.

    4 шілде

    10:00 — «Күмбірле, қоңыр домбыра!» мерекелік концерті (Family Park);
    11:00 — Ұлттық домбыра күніне арналған концерттік бағдарлама («Самғау» даму және шығармашылық орталығы);
    15:00 — «Күй құдіреті» әдеби-музыкалық кеші (Жетісу аудандық кітапханасы);
    19:00 — «Домбыра – дастан» мерекелік концерті («Алатау» дәстүрлі өнер театры алдындағы алаң).

    5 шілде

    10:00 — 50 домбырашының қатысуымен флешмоб (Нұркент шағынауданы, 7);
    11:00 — «Күмбірле, домбыра, жасай бер, Астана!» мерекелік концерті (Арбат, Жібек жолы көшесі, 100);
    11:00 — Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік концерт (Орталық мәдениет және демалыс саябағы);
    16:00–20:00 — «Айнабұлақ» саябағында өтетін Dombyra Fest отбасылық фестивалі. Бағдарлама аясында шебердің сабақтары, интерактивті алаңдар, халық шеберлерінің көрмесі, фотозоналар және ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады;
    17:00 — «Күй күмбірі» флешмобы.

    Сонымен қатар, Түрксіб ауданының қоғамдық кеңістіктерінде 15 домбырашының қатысуымен түсірілген Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік бейнеролик көрсетіледі.

    6 шілде

    15:00 — 100 домбырашы қатысатын флешмоб (Шұғыла шағынауданы, 347);
    17:00 — мерекелік концерт (Амфитеатр);
    19:00 — «Ұлы дала үні» фильмінің көрсетілімі (Амфитеатр).

    Еске сала кетейік, Қазақстанда Ұлттық домбыра күні жыл сайын шілде айының алғашқы жексенбісінде, ал Астана күні 6 шілдеде атап өтіледі.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының әкімдігі" жаңалықтары