Аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы

    ·
    Аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы

    Аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы Қапанов Нұрсұлтан Телжанұлының төрағалығымен өтті.

    Комиссия отырысында Жылыой аудандық экономика және қаржы бөлім басшысының орынбасары Сағынғалиев Әділбек Сағынғалиұлы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің коммуналдық меншігінде тіркелген бірқатар автокөлік құралдарын жекешелендіру мәселесі бойынша баяндады.

    Бөлім басшысының айтуынша, жекешелендіру барысында барлық процедуралар заң талаптарына сәйкес жүргізіліп, нәтижесінде аудан бюджетіне кіріс түсіп, мемлекеттік мүлікті ұтымды басқару қамтамасыз етіледі.

    Тұрақты комиссия төрағасы Қапанов Нұрсұлтан Телжанұлы жиынды қорытындылап, қаралған мәселелерді талқылау барысында ұсыныс пікірлер арнайы қаулы жобасына енгізілетіндігін айтып өтті.

    Ұқсас материалдар