
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті жиырма тоғызыншы сессиясы 2026 жылғы 15 шілдеде сағат 10.00-де облыс әкімдігі ғимаратында (М.Горький көшесі, 40, 1-қабат) өтеді.
Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 9.00-ден басталады.
Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:
- Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты төрағасының есебі.
Денис Сергеевич Рыпаков - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы.
- Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының білім беру қызметтерін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес келтіру бойынша қабылдап отырған шаралары туралы.
Қуат Барысұлы Оқасов - Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының басшысы.
- Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын орындау жөніндегі есебі.
Мұрат Манарбекұлы Құсайынов - Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы.
- Әлеуметтік-мәдени даму, депутаттық өкілеттіктер, этика және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.
Сәуле Жәдігерқызы Рахметуллина – тұрақты комиссия төрағасы.
- Әртүрлі мәселелер.
Сессияны дайындауға жауапты адам: Олег Васильевич Чугунков, жұмыс телефоны 8 (7232) 71-31-94, электрондық пошта мекенжайы [email protected].









