
Жданов ауылдық округінде кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, отбасылық қолайсыздықтың алдын алу, сондай-ақ балаларға қатысты зорлық-зомбылық, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларды дер кезінде анықтау мақсатында профилактикалық рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізілуде.
Кезекті рейдтік іс-шараларға Жданов ауылдық округінің әкімі Жапанов А.Қ., Жданов ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Есмағамбетов Е.Қ., Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай ауданы білім бөлімінің «Жданов жалпы білім беретін мектебі» КММ психологы Махамбет А.А., әлеуметтік педагог Шаяхметов А.Қ., сондай-ақ «Қостанай ауданы Жданов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы Тәжібаева Ж.О. қатысты.
Өткізілген төрт рейд барысында екі отбасы тексерілді. Тексеру нәтижесінде қолайсыз немесе әлеуметтік қауіпті жағдайдағы отбасылар анықталған жоқ. Кәмелетке толмағандардың құқықтарының бұзылуы, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін фактілер тіркелмеді.
Балалардың құқықтарын қорғау, отбасылық қолайсыздықтың алдын алу және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты негізде жалғасатын болады.









