
АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ – 2026
2026 жылғы 2 шілдеде Департамент басшысы М. А. Исмаилов Департамент басшысының орынбасары А.Т. Раймбековамен бірлесіп, "УтилМедСтрой" ЖШС басшысының медициналық қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі қызметке қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды түсіндіруге қатысты қабылдауын өткізді.
Қабылдау кезінде медициналық қалдықтарды кәдеге жарату бойынша цех үшін санитариялық-қорғау аймағын ұйымдастыруға, цех үшін учаскенің нысаналы мақсатына, үй-жайдың орналасуына, жиынтығына және құрамына қойылатын талаптарға қатысты сұрақтар қойылып, оларға тиісті жауаптар мен түсініктемелер берілді.









