eGov бұрышы – цифрлық қызметке қолжетімділік

    ·
    eGov бұрышы – цифрлық қызметке қолжетімділік

    Екіаша ауылдық округі әкімдігінде тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді электронды форматта қолжетімді алу мақсатында eGov бұрышы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында тұрғындарға eGov.kz порталы мен eGov Mobile қосымшасының мүмкіндіктері таныстырылды. Мамандар мемлекеттік қызметтерді онлайн алу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалану жолдарын көрсетті. Сонымен қатар цифрлық құжаттарды қолдану және түрлі анықтамаларды электронды түрде алу мүмкіндіктері түсіндірілді. Тұрғындардың сұрақтарына жауап беріліп, қажетті кеңестер берілді. eGov бұрышы мемлекеттік қызметтерді жылдам әрі ыңғайлы алуға мүмкіндік береді. Мұндай жұмыстар халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Іс-шара соңында тұрғындар көрсетілген ақпарат пен кеңестердің пайдалы екенін атап өтті.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары