АПВ-ның алдын алу

    АПВ-ның алдын алу

    АПВ - бұл көптеген қатерлі ісіктердің, соның ішінде жатыр мойны обырының дамуымен байланысты ең көп таралған вирустардың бірі.

    Бүгінгі таңда АПВ емі жоқ, алдын алудың жалғыз әдісі - вакцинация.
    Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2026 жылғы 13 мамырдағы № 7 қаулысына сәйкес вакцинацияланатын контингент кеңейтілді. Енді АПВ-ға қарсы вакцинация 14 жастан 17 жас 11 ай 29 күнге дейінгі қыздарға қосымша түрде, ерікті негізде жүргізіледі. Бүгінгі таңда осы жас санатындағы шамамен 18,7 мың қыз бала вакцинаның бірінші дозасын алды.

    Екпе алғандардың арасында иммундаудан кейін қолайсыз жағдайлар тіркелген жоқ.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары