
Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында адалдық және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді
📌 Жетісу облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің бастамасымен, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында, 2026 жылғы 30 маусымда Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында «Адалдық пен ашықтық – тиімді мемлекеттік басқарудың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметте адалдық, заңдылық және ашықтық қағидаттарын нығайту, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстың тиімділігін арттыру.
Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен қызметтік әдеп талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу кезінде ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мәселелері жан-жақты талқыланды.
Іс-шара қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі профилактикалық жұмысты күшейтуге, мемлекеттік қызметшілер арасында адалдық және парасаттылық құндылықтарын дәріптеуге, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесінде заң үстемдігі мен ашықтық қағидаттарын одан әрі нығайтуға бағытталған ұсынымдар берілді.






