Түркістан облысының Арыс ауданының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитетпен бірлесіп, инвестордың құқықтарын қорғап, Арыс қаласы тұрғындарын табиғи газбен үздіксіз қамтамасыз етуді қамтамасыз етті.
Тексеру барысында «OtebayGaz Aimaq» ЖШС-ның «QazaqGaz» ҰК» АҚ алдындағы берешегіне байланысты қала тұтынушыларына табиғи газ беруді уақытша тоқтату қаупі туындағаны анықталды.
241,6 млн теңге көлеміндегі берешек Арыс қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің газбен жабдықтау қызметтерін көрсету туралы шарт бойынша міндеттемелерін бюджет қаражатының тапшылығына байланысты уақтылы орындамауынан қалыптасқан.
Қалыптасқан жағдай инвестордың құқықтарының бұзылуына қауіп төндіріп қана қоймай, қала тұрғындарын табиғи газбен тұрақты қамтамасыз етуге де кері әсер етуі мүмкін еді.
Инвестордың құқықтарын қорғау және әлеуметтік шиеленістің туындауына жол бермеу мақсатында аудан прокуратурасы Арыс қаласы әкімдігіне заң бұзушылықтарды жою және қалыптасқан берешекті өтеу бойынша шаралар қабылдау туралы прокурорлық қадағалау актісін енгізді.
Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде қала әкімдігі кепілдік хат ұсынып, берешекті өтеу кестесін бекітті. Оған сәйкес инвесторға ай сайын 50 млн теңгеден төлеу көзделген.
Бүгінде прокурорлық ықпал ету шараларының нәтижесінде «OtebayGaz Aimaq» ЖШС-ға 40 млн теңге төленіп, кәсіпорын қызметінің тұрақтылығына төнген тәуекелдер төмендетіліп, тұрғындарды табиғи газбен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік берілді.
Инвесторлардың құқықтарын қорғау, кәсіпкерлік қызметті жүргізуге кедергі келтіретін әкімшілік және өзге де тосқауылдарды жою жұмыстары прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.
Бизнес пен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Арыс аудандық прокуратурасына 8 (705) 889-75-53 телефоны арқылы немесе 115 Call-орталығына хабарласуға болады.
Түркістан облысының прокуратурасы инвестордың құқығын қорғап, газбен жабдықтаудың тоқтатылу қаупінің алдын алды
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті·Жаңалықтар мұрағаты
Ұқсас материалдар

Сот-сараптама қызметінің 75 жылдығы
Түркістан облысының Әділет департаментіАшу
ИНДЕР АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ
АшуБір мектепке арналған ғұмыр: ұстаздыққа адалдық, ұрпаққа аманат
Білім басқармасыАшу
Ұландықтар Талдықорғанда күдікті заты бар ер адамды ұстады
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланыАшу
АТБАСАРДА АУРУХАНА ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ: БЕС АУДАННЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА КҮРДЕЛІ ОПЕРАЦИЯЛАР ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛДЫ
ҚР ДСМАшу
"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті" жаңалықтары

Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті мектептер мен балабақша құрылысы жобаларын іске асырып жатқан инвестордың мәселелерін жұмысқа алды
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіАшу
Комитетте Қазақстанның электр энергетикалық қауымдастығымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіАшуАқмола облысының прокуратурасы 6,9 млрд теңгелік инвестициялық жобаның тоқтап қалуына жол бермеді
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіАшуАтырау прокурорлары 5 млрд теңгелік жобаға кедергі болған жер мәселесін шешті: зауыт құрылысы 2027 жылы басталады
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіАшу385 млрд теңге инвестиция: Ақмола прокуратурасы екі рет виза ала алмаған шетелдік инвесторға көмектесті
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіАшу