
2026 жылғы 01 шілдеде ауданда кәсіпкерлермен және мүдделі тұлғалармен бизнесті қаржыландыру мәселелері бойынша кездесу өтті. Іс-шара кәсіпкерлікті қолдауға және бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмысы шеңберінде өтті.
Кездесуге СҚО бойынша «Даму «кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Солтүстік «ӘКК» АҚ және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының өкілдері қатысты. Қатысушыларға мемлекеттік қолдау шаралары, қаржыландыру бағдарламалары туралы айтып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап берілді.




