Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп, кәсіпкерлікті инженерлік желілерге қосу кезіндегі заңсыз тәжірибенің жолын кесті.
Қабылданған шаралар нәтижесінде 3инвестор мен 16кәсіпкердің құқығы қорғалып, кінәлі лауазымды тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылды,оларға жалпы сомасы 9,1 млн теңге айыппұл салынды.
Қадағалау шаралары барысында табиғи монополия субъектілері электр және сумен жабдықтау желілеріне қосуға техникалық шарт берген кезде кәсіпкерлерден қолданыстағы заңнамада көзделмеген құжаттарды негізсіз талап еткені анықталды.
Сондай-ақ қызмет көрсету тәртібінің бұзылған фактілері анықталды: техникалық шарт беруден бас тарту туралы уәкілетті органдарды хабардар етпеу, сондай-ақ инвесторлар мен кәсіпкерлердің өтініштерін қараудың белгіленген мерзімдерін бұзу.
Прокурорлық ден қою актілері бойынша екі табиғи монополия субъектісіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы 16 іс қозғалды. Оларды қарау қорытындысы бойынша кінәлі лауазымды тұлғалар жауаптылыққа тартылып, айыппұлдар толық көлемде өндірілді.
Қабылданған шаралар әкімшілік кедергілерді жоюға, инвесторлар мен кәсіпкерлердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге және инженерлік желілерге қосу кезінде заңнаманың сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Кәсіпкерлік пен инвесторлар құқығын қорғау жұмысы прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.
Маңғыстау облысының прокуратурасы инвесторларды әкімшілік кедергілерге және құқықтарының өзге де бұзылуына тап болған жағдайда инвесторларды қорғау жөніндегі мобильді топтың телефоны: +7 (701) 333-13-12 немесе Call-центр 115 арқылы жүгінуге шақырады.
Инвесторларға заңсыз талаптар қойған лауазымды тұлғаларға 9,1 млн теңгеге айыппұл салынды
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті·Жаңалықтар мұрағаты
Ұқсас материалдар

АРДАҒЫ АРДАҚТЫ АРДАГЕР, ҚАЛАМГЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Ордабасы ауданы әкімінің аппаратыАшу
ҚАРТТАР КҮНІ: АҒА БУЫНҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Ордабасы ауданы әкімінің аппаратыАшу
2026 жылғы 1 қазанда Жаңа жұлдыз ауылының мәдениет үйінің ғимаратында округ активінің кеңесі өтті, онда Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А.Т. Сәденов сайланған әкім Рахат Сабырұлы Жолдыбаевқа куәлік табыс етті.
Железин ауданының әкімдігіАшу
Алматыда музейінде Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған көрме ашылды
Алматы қаласының мәдениет басқармасыАшу
«Алатау» театры XI маусымда ұлттық өнерді жаңа сахналық формалармен ұсынды
Алматы қаласының мәдениет басқармасыАшу
"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті" жаңалықтары

Азамат Дүйсембеков Орталық Азия заң форумында инвесторларды қорғаудың жаңа тетіктерін таныстырды
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіАшуАлматы прокуроры Серік Кәріпбеков индустриялдық аймақ инвесторларымен кездесті
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіАшуЖамбыл облысында прокуратураның араласуынан кейін инвестор үшін 3 жер учаскесіне қатысты шарт жасалды
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіАшу
Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті мектептер мен балабақша құрылысы жобаларын іске асырып жатқан инвестордың мәселелерін жұмысқа алды
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіАшу
Комитетте Қазақстанның электр энергетикалық қауымдастығымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіАшу