
2026 жылғы 30 маусымда Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Қарағанды-Жолаушылар теміржол вокзалында жолаушылар мен жеке кәсіпкерлер арасында жіті ішек инфекцияларының алдын алу бойынша ақпараттық науқан өткізді. Іс-шараның мақсаты – халықтың жіті ішек инфекцияларының алдын алу шаралары, жеке гигиена қағидаларын сақтау және қолды үнемі әрі мұқият жуудың маңыздылығы туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру. Науқан аясында «сұрақ-жауап» форматындағы түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, қатысушыларға өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша мамандардың кеңестері берілді. Сонымен қатар, ішек инфекциялары мен тағамнан уланудың алдын алу жөніндегі жадынамалар, брошюралар және ақпараттық парақшалар таратылды.









