
Абай облысының әкімі Берік Уәлидің тапсырмасымен тұрғындарды қолайлы әрі тұрақты көлік қатынасымен қамтамасыз ету мақсатында «Семей – Шүлбі» тұрақты автобус маршруты іске қосылды. Аталған бағыт тұрғындардың қатынауын жеңілдетуге, елді мекендер арасындағы көлік байланысын жақсартуға және жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Автобус маршруты жұма және сенбі күндері қатынайды.
Қозғалыс кестесіне сәйкес, «Семей – Шүлбі» бағыты бойынша автобус сағат 09:00-де Семей қаласының Орталық автовокзалынан жолға шығады.
Ал «Шүлбі – Семей» бағыты бойынша жөнелту уақыты 15:00.
Жол жүру құны – 1000 теңге.
Тұрғындарды жаңа маршруттың қызметін тиімді пайдалануға шақырамыз. Бұл бағыт өңір тұрғындарының қатынау қолжетімділігін арттырып, көлік қызметінің сапасын жақсартуға мүмкіндік бермек.









