
Батыс Қазақстан облысының білім қоржыны тағы бір жарқын жетістікпен толықты!
Ұлттық бірыңғай тестілеуде 139 балл жинаған Бөрлі ауданы, Ақсай қаласындағы №6 мектеп-лицейінің түлегі Суйндикова Зульфия Жалғасбайқызын жоғары жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл нәтиже – табанды еңбек, жүйелі дайындық, білімге деген құштарлық пен мақсатқа ұмтылыстың айқын жемісі.
Жас түлекке алдағы өмір жолында биік белестерді бағындырып, таңдаған мамандығының білікті иесі атануына, армандарының орындалып, жаңа жеңістерге жете беруіне тілектеспіз!
Білімді ұрпақ – елдің жарқын болашағы!






