
Эфир барысында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, лагерьлерді лицензиялау, әлеуметтік осал санаттағы балаларды сауықтырумен қамту, жаңа оқу жылына дайындық, мектептердегі жөндеу жұмыстары, материалдық-техникалық базаны жаңарту, кадр тапшылығын шешу және жас мамандарды қолдау мәселелері сөз болды.
Сондай-ақ аз қамтылған отбасылардың балаларын мектепке дайындау үшін көрсетілетін әлеуметтік көмек пен білім гранттары туралы мәлімет беріліп, көрермендердің сұрақтарына жауап ұсынылды.

