Азаматтарды жеке қабылдау

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Азаматтарды жеке қабылдау

    Ағымдағы жылдың 1 шілдесінде Аршалы аудандық мәслихатының депутаты Б. Қытайбеков Елтоқ және Арнасай ауылдық округтерінде азаматтардың жеке қабылдауын өткізді.

    Қабылдау барысында тұрғындар 42-ші Разъездге кірме жолды толтыру, Арнасай ауылындағы автобус аялдамасын жөндеу, қаңғыбас иттер проблемасы, елді мекендерді абаттандыру, сондай-ақ басқа да мәселелер бойынша бірқатар өзекті мәселелермен жүгінді.

    Барлық айтылған өтініштер бойынша депутат тиісті түсініктемелер берді. Қосымша қарауды талап ететін мәселелер бойынша құзыретті мемлекеттік органдарға депутаттық сауалдар дайындалып, жіберілетін болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары