Туған өлкенің тазалығы-біздің ортақ қамқорлығымыз!

    Туған өлкенің тазалығы-біздің ортақ қамқорлығымыз!
    2026 жылғы 29 маусым мен 1 шілде аралығында Бірлік ауылдық округінде республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аумақты абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілді.
    Іс-шара барысында аллея мен орталық алаң аумағындағы гүлзарлардың арамшөбі жұлынып, асфальт жабындысы сыпырылды. Сонымен қатар орталық балалар ойын алаңының аумағындағы жаяу жүргіншілер жолдары тазаланып, ретке келтірілді. Фонтан аумағында шөптер шабылып, жаяу жүргіншілер жолдары тазаланды.
    Атқарылған жұмыстар қоғамдық орындардың санитарлық жағдайын жақсартуға, тұрғындардың демалуына қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға, сондай-ақ елді мекеннің эстетикалық келбетін сақтауға мүмкіндік берді.

    Ұқсас материалдар

    ""Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары