Дауыл туралы ескерту: тауға шығуды кейінге қалдырыңыз!

    ·
    Дауыл туралы ескерту: тауға шығуды кейінге қалдырыңыз!

    2026 жылғы 1 шілдедегі «Қазгидромет» РМК-ның дауылды ескертуіне сәйкес, қатты жауын-шашынға байланысты Алматы тауларындағы Кіші Алматы өзені алабында сел жүру қаупі бар.Құрметті туристер, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары!
    Ауа райы тұрақталғанға дейін Іле Алатауына барудан уақытша бас тартуларыңызды сұраймыз.
    Сел қаупі бар аймақта келесі қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз:

    • таудағы жағдай туралы ресми ақпараттарды үнемі бақылаңыз;

    • сел қаупі төнген немесе сел басталған жағдайда дереу биік жерге көтеріліңіз;

    • өзен арналарының, сел жүруі мүмкін сайлардың, көл бөгеттерінің үстінде және төменгі жағында шатыр тігіп демалмаңыз;

    • таудың жоғарғы бөлігінде нөсер жауын жауып жатса, өзен арнасынан және қауіпті аймақтан дереу кетіңіз.


    Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары