Қазақстан халқы мемлекеттің ондаған жылдарға арналған даму бағдарын айқындайтын таңдау жасады

    Шу ауданының әкімдігі·
    Қазақстан халқы мемлекеттің ондаған жылдарға арналған даму бағдарын айқындайтын таңдау жасады

    Президент атап өткендей, Қазақстан халқы елдің алдағы ондаған жылдарға арналған даму бағытын айқындайтын тарихи таңдау жасады. Бұл – бүгінгі күн үшін ғана емес, келешек ұрпақтың тағдыры үшін қабылданған маңызды шешім.

    Конституция – мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынасын айқындайтын негізгі құжат. Оның қағидаттары азаматтардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған.

    Еліміздің болашағы – халықтың ауызбіршілігіне, өзара сеніміне және ортақ жауапкершілігіне байланысты. Сондықтан әрбір азамат Жаңа Қазақстанды дамыту ісіне белсенді үлес қосуы қажет.

    Бүгінгі таңдау – тұрақтылықтың, өркендеудің және жарқын болашақтың таңдауы.

    Ұқсас материалдар

    "Шу ауданының әкімдігі" жаңалықтары