Талдамалық анықтама

    ·

    «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов

    атындағы ауданы әкімінің аппараты» КММ

    2026 жылдың 2 тоқсандағы есепті кезең мемлекеттік

    қызмет көрсету бойынша талдамалық анықтамасы

    «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39 қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 6 түрін көрсетеді:

    1. Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату;
    2. Сауда-саттықты (аукциондарды)өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;
    3. Жер учаскесін алуға кезекке қою;

    4.Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

    1. Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;
    2. Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту.

    2026 жылдың 2 тоқсанында «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» КММ:

    «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде көрсетілді - :

    - Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу-2 Жеке тұлғаларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер;

    - Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу-1 заңды тұлғаларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер;

    Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру-заңды тұлғаларға 2 мемлекеттік қызмет.

    Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы арқылы 223- мемлекеттік қызмет көрсетілді. (3-қосымша).

    Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту болған жоқ.

    "ConnectionPoint" өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы 2 тоқсанда 269 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: жылжымайтын мүліктің болуы (болмауы) туралы анықтама - 12, зейнетақы аударымдары туралы анықтама - 9, психидиспансерден анықтама - 30, соттылығының жоқтығы туралы анықтама - 17, наркодиспансерден анықтама - 30, ЭЦҚ қашықтан -104, балға тіркеу ұйымдар - 15, Мұрағаттық анықтамалар беру-7 , зейнетақы шарты - 5, қаруды сақтауға рұқсат беру - 12, аңшылық билет алу – 5, тұрғылықты жері бойынша тіркеу - 25, сыбайлас жемқорлық туралы анықтама-30, банктік қарыз алудан ерікті түрде бас тарту - 15.

    2026 жылдың 2 тоқсанында ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары өткізілді:

    https://www.facebook.com/share/p/1BNkZShuR7/

    https://www.facebook.com/share/p/1RnRj9QPCU/

    2026 жылғы 22 мамырда сағат 14:30-дан 17:00-ге дейін интернет-конференция өткізілді.

    https://www.facebook.com/share/p/1DjcwqjiJe/

    Халық арасында брошюралар таратылды

    https://www.facebook.com/share/p/18cbPTQs5x/

    Халықты мемлекеттік қызметтерді пайдалануға оқыту

    https://www.facebook.com/share/p/1BcJbbzNjs/

    https://www.facebook.com/share/p/1ASuNB3tsf/

    Ақпараттық лентада «Электрондық үкімет» порталы арқылы қызметтерді алу бойынша қадамдық алгоритмдер мен нұсқаулықтар орналастырылған:

    https://www.facebook.com/share/p/18stfA6eDH/

    https://www.facebook.com/share/p/1BHW8Dgdjh/

    2026 жылғы 6 мамырдан 6 маусымға дейін қоғамдық талқылаулар өткізіледі

    https://www.facebook.com/share/p/1DjC9LNv8P/

    https://www.facebook.com/share/p/18txt9zKUc/

    Facebook әлеуметтік желілерінде және мемлекеттік органның ресми сайтында http://ruzaevo-gm.sko.gov.kz/page/read/gu.html ақпараттық лентада «Электрондық үкімет» порталы арқылы қызметтерді алу бойынша қадамдық алгоритмдер мен нұсқаулықтар орналастырылған:

    Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру және қолжетімділік мақсатында мемлекеттік мекеме ғимаратында көрнекі ақпараты бар стенд орналастырылған (стандарттар, регламенттер, мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты қазақ және орыс тілдерінде ақпарат). Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат ауыл әкімінің веб-сайтында жарияланады http://ruzaevo-gm.sko.gov.kz/ және Facebook беттерінде.

    Барлық қызметтер Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88 «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңына, бекітілген стандарттар мен регламенттерге сәйкес көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бюрократия мен әуре-сарсаңға түсуге жол берілмейді, мемлекеттік қызмет көрсететін маман ұсынылатын ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді.

    Алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдары есепті кезеңде түскен жоқ.

    Рузаев ауылдық

    округінің әкімі Н. Алгожин

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары