
ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, кәсіпкерлік, құқық тәртібі, депутаттық өкілеттіктер және этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Комиссия отырысына тұрақты комиссия мүшелері, аудандық бөлімдер мен мекеме басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Отырыс барысында ауданның, қала және ауылдық округтердің 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы мәселелер жан-жақты қаралды. Баяндамалар тыңдалып, бюджет қаражатының игерілуі мен атқарылған жұмыстарға талдау жасалды.
Сонымен қатар, аудандық кірістер басқармасы тарапынан қала және ауылдық округ әкімдеріне салық базасын кеңейту және салық түсімдерін арттыру бағытында сапалы әрі жүйелі жұмыс жүргізу жөнінде ұсыныстарын жеткізді.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша комиссия мүшелері өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, тиісті ұсынымдар қабылданды.







