2026 жылғы I тоқсанның қорытындысы бойынша Қазақстанда экономиканың бірқатар негізгі салаларында жұмыспен қамтылғандар саны артты.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіпте, құрылыста, білім беру саласында, сондай-ақ денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында өсім байқалды.
Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі бұрынғысынша көтерме және бөлшек сауда, сондай-ақ автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу саласына тиесілі. Бұл салада 1 571,4 мың адам жұмыс істейді, бұл жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 16,7% құрайды.
Білім беру саласында 1 251,0 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,5% артық.
Өнеркәсіп саласында жұмыскерлер саны 1 185,7 мың адамға жетіп, 2,0% артты. Оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында 298,3 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл 2025 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда 3,4% көп.
Жұмыспен қамтылғандар саны құрылыс саласында да өсіп, 643,8 мың адамды құрады. Өңдеу өнеркәсібінде 624,8 мың адам, ал денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында 616,7 мың адам жұмыс істейді. Көлік және қоймалау саласында 663,2 мың адам жұмыспен қамтылған.
Жалпы, 2026 жылғы I тоқсанның қорытындысы бойынша халықты жұмыспен қамту құрылымы тұрақты сақталып, экономиканың негізгі салаларының басым бөлігінде жұмыспен қамтылғандар санының оң динамикасы жалғасуда.
Экономиканың негізгі салаларында жұмыспен қамтылғандардың саны артуда
Ұқсас материалдар

Астанада ашық есік күні өтті
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментіАшу
ҚАРИЯЛАРҒА КӨРСЕТІЛГЕН ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ
Төлеби ауданы әкімінің аппаратыАшу
ОТЫРАРДА «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОРЫНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН МӘДЕНИЕТ ҮЙІ МЕН МЕКТЕПТІҢ ПӘН КАБИНЕТТЕРІ ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ
Отырар ауданы әкімінің аппаратыАшуАлматы прокуроры Серік Кәріпбеков индустриялдық аймақ инвесторларымен кездесті
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіАшу
Ақтас поселкесінің тұрғындарымен кездесу: әлеуметтік жәрдемақы туралы.
Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміАшу
"Байзақ ауданының әкімдігі" жаңалықтары

Елімізде 100 жастан асқан 44 зейнеткер бар
Байзақ ауданының әкімдігіАшуЕлімізде 100 жастан асқан 44 зейнеткер бар
Байзақ ауданының әкімдігіАшу
Еңбек – мұратқа жеткізер!
Байзақ ауданының әкімдігіАшу
Қарақыстақтан басталған «жасыл» энергетика: Жамбыл облысы жаңартылатын энергия көздерін дамытуда
Байзақ ауданының әкімдігіАшу
Мемлекет басшысы жүгері өңдеу зауытын іске қосу рәсіміне қатысты
Байзақ ауданының әкімдігіАшу