Қазақстан Республикасының Қасиетті Тақ жанындағы Елшілігі Ватикандағы салтанатты іс-шараларға қатысты

    Қазақстан Республикасының Қасиетті Тақ жанындағы Елшілігі Ватикандағы салтанатты іс-шараларға қатысты

    2026 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасының Қасиетті Тақ жанындағы Елшілігі Ватикандағы Әулие Петр Базиликасында Рим қаласының және Рим епархиясының қамқоршылары – қасиетті апостолдар Петр мен Павел мерекесіне орай өткен салтанатты қасиетті құлшылық ету (месса) рәсіміне қатысты.

    Қасиетті мессаны Рим Папасы XIV Лев басқарды. Рәсім барысында жаңадан тағайындалған митрополит-архиепископтарға паллийлерді табыстаудың дәстүрлі рәсімі өтті.

    Өз уағызында Рим Папасы XIV Лев бірлік, өзара құрмет, ынтымақтастық, диалог және ортақ игілікке қол жеткізу жауапкершілігі мәселелеріне ерекше назар аударып, қазіргі әлемде бейбітшілік пен келісімді нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Қасиетті Тақ және Мальта Егеменді Ордені жанындағы Елшілігі" жаңалықтары