Құрметті Бейімбет Майлин ауданының тұрғындары!

    ·
    Құрметті Бейімбет Майлин ауданының тұрғындары!

    Бейімбет Майлин ауданында әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі жұмыс тобы жұмыс істейді. Оның қызметі отбасы құқықтарын қорғауға, әйелдерді қолдауға және қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсетуге бағытталған.

    Аудан аумағында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсететін дағдарыс орталығының болмауына байланысты, азаматтар көмек алу үшін *Аудандық полиция бөліміне* жүгіне алады.

    Сонымен қатар барлық туындаған мәселелер бойынша аудандық жұмыс тобының хатшылығына келесі телефон арқылы хабарласуға болады:
    *8 (71436) 3-62-93* — «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ.

    Мәселемен жалғыз қалмаңыз — дер кезінде көмекке жүгіну қауіпсіздікті қамтамасыз етудің және құқықтарыңызды қорғаудың маңызды қадамы болып табылады.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары