«Еңбек жолы» конкурсына қатысуға шақырамыз

    ·
    «Еңбек жолы» конкурсына қатысуға шақырамыз

    «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы» идеясын ілгерілету мақсатында «Еңбек жолы» конкурсын өткізу туралы хабарлаймыз.

    Конкурс 3 номинациядан тұрады:

    1) «Үздік еңбек әулеті» - ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады;

    2) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» - жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады;

    3) «Өндірістің үздік жас маманы» - жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады.

    Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 1 шілдеге дейін жүргізіледі.

    Конкурс жөнінде толық ақпаратты 55-68-11, 55-68-34, 55-68-05 (Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы), телефондары арқылы алуға болады.

    Мекен-жайымыз: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 9 , 2-қабат, 220 кабинет, жұмыспен қамтуды үйлестіру бөлімі, эл.пошта:[email protected] ,[email protected] .

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары