Болашақ зейнетақыны қалыптастырудағы жұмыс берушінің рөлі

    ·
    Болашақ зейнетақыны қалыптастырудағы жұмыс берушінің рөлі

    Зейнетақы жүйесі бірнеше құрамдауыш бөліктен тұрады және азаматтардың болашақтағы қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

    Соның бірі – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ).
    Жұмыс берушілер 1975 жылы және одан кейін туған қызметкерлері үшін жарналарды өз қаражаты есебінен аударады.
    ЖМЗЖ 2024 жылы 1,5% мөлшерлемемен енгізілді және жарна кезең-кезеңімен өсіп отырады.
    2026 жылы жарна мөлшерлемесі қызметкер табысының 3,5%-ын құрайды, ал 2028 жылға қарай бұл көрсеткіш 5%-ға жетеді.
    ЖМЗЖ енгізу – ынтымақты зейнетақы үлесінің біртіндеп азаюынан туындаған маңызды қадам.
    Бұл бастама:
    - жоғалған кірісті өтеуге,
    - зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін арттыруға,
    - мемлекет, қызметкер және жұмыс беруші арасындағы жауапкершілікті әділ бөлуге бағытталған.

    Толығырақ enpf.kz сайтында, 1418 телефоны арқылы және Қордың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары