Жеке құрам арасында футболдан турнир өткізілді

    ·
    Жеке құрам арасында футболдан турнир өткізілді

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұйымдастыруымен жеке құрам қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өткізілді.

    Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік мерекені лайықты атап өту, қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ ұжымдық бірлік пен командалық рухты нығайту.
    Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша:
    І орын – №3 мекеме командасы;
    ІІ орын – №64 мекеме командасы;
    ІІІ орын – ҚАЖ комитетінің командасы.

    Сондай-ақ үздік ойын көрсеткен қатысушылар арнайы номинациялармен марапатталды:
    -Үздік қақпашы – Атамбаев Нұрсұлтан;
    -Үздік шабуылшы – Исмагулов Алмат;
    -Үздік қорғаушы – Мешітбаев Нұрсұлтан;
    -Үздік ойыншы – Сафарғалиев Нарұл.

    Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
    Турнир қатысушылары жоғары спорттық дайындықтарын көрсетіп, өзара достық пен әріптестік қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға үлес қосты. Мемлекеттік рәміздер күніне арналған спорттық іс-шара мерекелік көңіл-күй сыйлап, қатысушыларға жағымды әсер қалдырды.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары