Кондоминиумды мемлекеттік тіркеу

    ·
    Кондоминиумды мемлекеттік тіркеу

    Кондоминиумды мемлекеттік тіркеу — бұл үй тұрғындарының ортақ мүлікке: кіреберістерге, шатырға, жертөлеге, лифтілерге және үй маңындағы жер учаскесіне ресми құқықтары пайда болуы үшін құжаттарды ресімдеу.

    «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқару үшін кондоминиум объектісін басқарудың мынадай нысандарының бірін: тікелей бірлесіп басқаруды және мүліктің меншік иелері бірлестігін таңдауға міндетті.

    Қазақстанда кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін пәтер иелерінің жалпы жиналысының шешімі (кемінде 50% дауыс) және «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ (ХҚКО) өтініш беру немесе электрондық үкімет порталы арқылы онлайн тапсыру қажет.

    Кондоминиумды тіркеудің қадамдық алгоритмі:

    1-қадам. Тұрғындар кондоминиумды тіркеу туралы шешім қабылдап, уәкілетті өкілді таңдайтын жалпы жиналыс өткізеді. Шешім меншік иелерінің 50%-дан астамы қолдаса, қабылданды деп есептеледі. Нәтижесі хаттамамен ресімделеді.

    2-қадам. Рәсімдеу үшін мыналар қажет: белгіленген нысандағы жазбаша өтініш, тұрғындар жиналысының хаттамасы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіретін құжаттар (жерге акт, кадастрлық паспорт), мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртек.

    3-қадам. Кондоминиумды тіркеуді екі тәсілмен жүргізуге болады: Онлайн: электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы «Азаматтарға» → «Жылжымайтын мүлік» → «Сатып алу, сату, жалға беру» бөліміндегі «Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу» қызметі. Құжаттар сапалы сканерлер түрінде тіркеледі.

    Екінші тәсіл — офлайн: халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) жақын маңдағы бөлімшесі, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ арқылы.

    Қызмет көрсету мерзімі: egov.kz порталында — 1 жұмыс күні. ХҚКО арқылы — 3 жұмыс күніне дейін.

    Коммерциялық емес ұйымдарды

    тіркеу және тіркеу қызметі

    саласындағы бақылау бөлімінің

    жетекші маманы

    Ф. Хасанова

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары