Камералдық бақылау хабарламаларымен жұмыс жүргізу

    ·

    ⚜️Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті камералдық бақылау хабарламаларын орындау тәртібі туралы хабарлайды.

    📌 Камералдық бақылау барысында сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, салық төлеушіге (көлденең мониторингке қатысушыларды қоспағанда) сәйкессіздіктер туралы хабарлама жіберіледі.

    ✅ Хабарлама қашан орындалды деп есептеледі.

    1. Егер сіз сәйкессіздіктермен келіссеңіз,
    Бұзушылықтарды келесі тәсілдердің бірі немесе бірнешеуі арқылы жою қажет:
    ✅ тиісті кезең үшін түзетілген салық есептілігін тапсыру;
    ✅ бұрын қайтарылған ҚҚС-ты бюджетке қайтару және өсімпұл төлеу (алған күннен бастап қайтарған күнге дейін әр күн үшін);

    өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін:
    ✅ деректерді арнайы мобильді қосымшада көрсету;
    ✅ немесе салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеу;
    ✅ қажет болған жағдайда — басқа салық режиміне көшу үшін әрекеттер жасау (ҚР Салық кодексінің 716-бабына сәйкес).

    2. Егер сіз келіспесеңіз
    Сіз міндеттісіз:
    ✅ салық органына сәйкессіздіктердің себептері туралы түсіндірме жіберу;
    ❗️маңызды: түсіндірмеде салық заңнамасының бұзылғанын көрсетуге болмайды.

    💻 Түсіндірмені қалай жіберуге болады:

    Түсіндірме СӘИЖ СТК жүйесі арқылы беріледі, ол үшін:
    ☑️ басты бетке кіру;
    ☑️ «Кіріс құжаттар» бөліміне өту;
    ☑️ «Барлығын көру» батырмасын басу;
    ☑️ қажетті хабарламаны табу.

    Хабарламаны ашқаннан кейін:
    🔎 ашылған терезеде хабарламаның өзі және «Мемлекеттік кірістер органдары құжатын орындау» бөлімі көрсетіледі.

    📍 Осы бөлімде:
    📌 түсіндірме өрісін толтыру (сәйкессіздіктердің себептерін сипаттау немесе қандай шаралар қабылданғанын көрсету);
    📌 растайтын құжаттарды тіркеу (бар болса).

    Барлығын толтырғаннан кейін «Қол қою және жіберу» батырмасын басыңыз.

    Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасы

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары