Шымкент қаласы №16 гимнастикадан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі және Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағының қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Кездесу барысында қатысушыларға зайырлы мемлекет қағидаттары, діни сенім бостандығы, діни саладағы заңнама талаптары және деструктивті діни ағымдардың алдын алу мәселелері бойынша ақпарат берілді.

    Сондай-ақ, интернет кеңістігіндегі діни ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалау және қоғамдағы тұрақтылық пен татулықты нығайтудың маңыздылығы түсіндірілді.

    Іс-шара барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, өзара пікір алмасты. Кездесу қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, діни экстремизм мен радикалды идеологиялардың алдын алу бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуге бағытталған.

    Ұқсас материалдар

    ""Шымкент қаласының дін істері басқармасы" КММ" жаңалықтары