Қосшыңырау ауылдық округіне қарасты Абай ауылында халықпен кездесу өткізді

    ·
    Қосшыңырау ауылдық округіне қарасты Абай ауылында халықпен кездесу өткізді

    2026 жылдың 10 маусымда «Қоғамдағы заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету және тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында Қызылорда облысы Әділет департаментінің сала мамандары, адвокат, нотариустар Қосшыңырау ауылдық округіне қарасты Абай ауылында халықпен кездесу өткізді. Кездесу барысында азаматтарға заңнамадағы өзекті өзгерістер мен құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік және цифрлық қызметтерді пайдалану тәртібі мен облыс бойынша «Құқық кабинеттері» жұмыс жасап тұрғандығы туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар жаңа Конституция нормалары жайлы азаматтарға түсіндірме жүргізілді. Шара барысында департаментпен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы кеңінен түсіндірме берілді, сондай-ақ қаржылық алаяқтықтан сақтану, қаржылық сауатты болу мәселелері бойынша тұрғындарға құқықтық кеңестер ұсынылды. Кездесу барысында арнайы ақпараттық үнпарақтар таратылып, құқықтық хабардарлық деңгейін анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді. Жиын соңында жеке қабылдау ұйымдастырылып, азаматтардың сауалдарына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жан-жақты жауаптар берілді.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары