Қазақстан халқының негізгі табыс көзі – еңбек нарығы

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Қазақстан халқының негізгі табыс көзі – еңбек нарығы

    Қазақстан халқының негізгі табыс көзі – еңбек нарығыҚазақстандықтардың ақшалай табысының шамамен үштен екісі жалдамалы еңбек есебінен қалыптасады. Мұндай тұжырым Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Сараптамалық кеңестің отырысында айтылды. Кеңес жұмысына экономика және қаржы саласынан 30-дан аса сарапшы қатысты. Сарапшыларға Экономикалық зерттеулер институты әзірлеген экономикалық өсім мен халықтың нақты табысының өзара байланысын талдау, сондай-ақ алдағы төрт жылға арналған халық табысын арттырудың кешенді жоспарының жобасы ұсынылды. Отырысты қорытындылай келе, Серік Жұманғарин сарапшылардың барлық ұсынысы мұқият қаралып, алдағы кезде ескерілетінін атап өтті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары