Аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

    Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғали азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді.

    Қабылдау барысында Ақмол, Шалқар және Қаражар ауылдарының тұрғындарынан тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер қатынастары және басқа да өзекті мәселелер бойынша түскен өтініштер қаралды.

    Аудан әкімі азаматтардың барлық өтініштерін мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер мен кеңестер берді, сондай-ақ жауапты тұлғаларға көтерілген мәселелерді жан-жақты қарастырып, белгіленген мерзімде тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

    Целиноград ауданы әкімінің қабылдауына алдын-ала 8-71651-30-509 телефоны бойынша жазылуға болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары