ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

    ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

    ✔️Тұрғындардың талап-тілегін тыңдау және қордаланған мәселелерді шешу мақсатында аудан әкімі Азат Оралбаев азаматтарды жеке қабылдады.

    ✔️Қабылдау барысында халық тарапынан ауыз су, тұрғын үй, жер учаскелері және Бозшымыр каналына қатысты өзекті мәселелер көтерілді.

    ✔️ Кездесу кезінде мәселенің мән-жайы жан-жақты талқыланып, жауапты сала мамандарымен бірге жай-жапсары анықталды. Тұрғындарды алаңдатқан сұрақтар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оларды шешу жолдары қарастырылды.

    ✔️ Аудан әкімі көтерілген мәселелерді кезең-кезеңімен шешу үшін тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар берілетінін және олардың орындалуы бақылауда болатынын атап өтті. Сонымен қатар, тұрғындардың өтініштері назардан тыс қалмай, шешімін табатыны жеткізілді.

    ✔️ Қабылдау соңында аудан әкімі көтерілген барлық мәселелерді бақылауға алуды және олардың орындалуын қатаң қадағалауды тапсырды.

    Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Ұқсас материалдар

    "Ордабасы ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары