Жаңақорғанда 13 мектеп оқушыларының құқықтары қорғалды

    Жаңақорған ауданыпрокуратурасымен жүргізген талдау нәтижесіндебілімберуұйымдарында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуталаптарының сақталмау фактілері анықталды.

    Атап айтқанда,аудан бойынша13мектепте балаларды тасымалдаубарысында заңнама талаптары сақталмай,оқушылардың қауіпсіз ортадабілім алу және тасымалдану құқықтары бұзылған.

    Тексеру барысында кейбір білімберуұйымдары мектепавтобустарындағы қауіпсіздікке арналған сигналдық жүйелермендабылбатырмаларын ажыратып тастағаны,жылдамдықты шектеу құрылғыларынқолданбағаны анықталды.Ал, жекелеген жүргізушілер медициналықтексеруден өтпеген, көлік құралдары міндетті техникалық талаптарға сәйкескелмеген.

    Қадағалау актісі бойынша анықталған заң бұзушылықтар жойылып,оқушылардың құқықтары қорғалды.

    Балалардың өміріменденсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету,сондай-ақбілімберуұйымдарында қауіпсіздік талаптарының сақталуынбақылаупрокуратураоргандарының тұрақты назарында.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысының прокуратурасы" жаңалықтары