Батыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы·Жаңалықтар мұрағаты
1 / 3
Ағымдағы жылдың 26 қараша күні Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында мемлекеттік қызметшінің ант қабылдау рәсімі өтті.
Мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет қабылданған мемлекеттік қызметкер табиғат қорғау шаралары және экологиялық реттеу бөлімінің бас маманы Кенжигалиева Фатима Мутигуллақызы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшінің антын қабылдады.
Шара барысында Басқарма басшысының орынбасары Д.А.Закарин жас мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік қызметті абыройлы атқарып, кәсіби қызметінде күш-жігерін аямай жұмсауға шақырды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








