2026 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне Қырғыз Республикасы Бас прокуратурасының делегациясы жұмыс сапарымен келді.
Кездесудің мақсаты Қазақстан прокуратурасы органдарында жасанды интеллектіні енгізудің тәжірибелік нәтижелерімен, оның ішінде прокурорлар әзірлеген цифрлық өнімдермен, прокурорларды іріктеу және оқыту тәсілдерімен, сондай-ақ тиісті шешімдерді әрі қарай дамыту және ауқымын кеңейтумен танысу болды.
Кездесу барысында Комитет Төрағасының бірінші орынбасары Серікжан Мырзалы сөз сөйлеп, Қазақстан мен Қырғызстанның прокуратура органдары арасында достық, тату көршілік және екі елдің стратегиялық әріптестігі негізінде бұрыннан бері тығыз өзара іс-қимыл мен сындарлы ынтымақтастық орнағанын атап өтті. Қалыптасқан сенім деңгейін жоғары бағалай отырып, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті құқық қорғау қызметінің тиімділігін арттыруға арналған инновациялық шешімдер саласында одан әрі жемісті тәжірибе алмасуға ашық екенін жеткізді.
Кездесу барысында қонақтар Бас прокуратура енгізіп жатқан жасанды интеллект элементтерін пайдалана отырып, қадағалау жұмысында қолданылатын цифрлық жүйелер туралы хабардар етілді.
Сапарын қорытындылай келе, Қырғыз Республикасы Бас прокуратурасының делегациясы қарсы алғаны үшін алғысын білдірді.
Өткен кездесу әріптестікке жаңа серпін беріп, достас елдердің прокуратура органдары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға ықпал етеді.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






