№2 Маржанбұлақ орта мектебінде «Адал қызмет – әділетті қоғам – жарқын болашақ» тақырыбында кездесу өтті

    1 / 2

    Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай №2 Маржанбұлақ орта мектебінде «Адал қызмет – әділетті қоғам – жарқын болашақ» тақырыбында аудан әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Б. Кангужиннің және аудандық білім бөлімінің басшысы Д. Құдайбергеновтің мектеп оқушыларымен кездесуі өтті.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, адалдық, әділдік, жауапкершілік және заңға құрмет сияқты асыл құндылықтарды қалыптастыру, мемлекеттік қызметтің қоғамдағы маңызды рөлін түсіндіру және елге адал қызмет етуге тәрбиелеу.

    Кездесу барысында спикерлер өздерінің еңбек жолындағы тәжірибелерімен бөлісіп, мемлекеттік қызметтегі адалдық, әділдік, жауапкершілік, кәсібилік және көшбасшылық қасиеттердің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанды адал азаматтар ғана құрады» деген қағидатының мәні түсіндіріліп, оқушылар ел мүддесіне қызмет етуге, заңды құрметтеуге және қоғамдық жауапкершілікті жоғары ұстауға шақырылды.

    Жиында Президенттің «Заң мен тәртіп» қағидаты – тұрақты әрі қауіпсіз қоғамның берік негізі екені, ал адал еңбек ету – әрбір азаматтың мемлекет пен қоғам алдындағы маңызды парызы екені атап өтілді. Сонымен қатар жастардың сапалы білім алып, еңбекқор, білімді әрі жауапты азамат болып қалыптасуы – еліміздің жарқын болашағының кепілі екені айтылды.

    Тағылымы мол кездесу оқушылардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға, Отанға деген сүйіспеншілігін нығайтуға, адалдық пен әділдікті өмірлік ұстаным етуге және ел болашағына қызмет етуге деген ынтасын қалыптастыруға оң ықпал етті.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алға ауданы әкімдігі" жаңалықтары