«МАЙЛИН МҰРАСЫ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ»

    1 / 42

    16 қараша күні Елубай Өмірзақов атындағы аудандық Мәдениет үйінде қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Бейімбет Майлиннің туғанына 132 жыл толуына орай әдеби-танымдық кездесу өтті.
    Аудан орталығындағы мектеп оқушылары ұлы жерлесіміздің өмірі мен шығармашылығымен танысты. Кездесу барысында музыкалық және поэтикалық нөмірлер ұсынылып, аудандық Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы түсірген қаламгердің өмірі мен шығармашылық мұрасына арналған қысқаметражды фильмнің тұсаукесері өтті.
    Іс-шара соңында фильмді түсіруге қолдау көрсеткен мекемелер мен қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.
    Кездесу Бейімбет Майлиннің әдеби мұрасына тағзым етіп, тарихи жадыны сақтаудың және рухани құндылықтарды жас ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі" жаңалықтары