Құрметті отандастар!
Қазақстан Республикасының Словениядағы Елшілігі "Отандастар қоры" КеА Қ мен Абай институтының қолдауымен онлайн-форматта қазақ тілін үйрену мүмкіндігі туралы хабарлайды.
"Отандастар" қоры шетелде тұратын отандастар үшін қазақ тілінің тегін онлайн курстарын ұйымдастырады. Оқыту тілді меңгеру деңгейін және қатысушылардың тілдік қалауын ескере отырып жүргізіледі. Жаңадан бастаушыларға және қазақ тілін жетік білетіндерге арналған топтар қарастырылған. Қатысуға жас шектеулері жоқ.
Тілді меңгеру деңгейін анықтау және курстарға қатысу туралы ақпарат алу үшін "Отандастар"қорының ресми сайтын пайдалануға болады:
https://oq.gov.kz/ru/p-learning
Абай институты қазақ тілін үйренуге қосымша мүмкіндіктер ұсынады. Оның білім беру платформасында және мобильді қосымшасында оқу материалдары, тілді меңгеру деңгейін анықтауға арналған тесттер, бейне сабақтар және басқа да өзін-өзі оқыту ресурстары бар.
Толығырақ:https://oq.gov.kz/abai/kazakh-language
Барлық мүдделі отандастарымызды осы мүмкіндікті пайдалануға, қазақ тілі туралы білімдерін кеңейтуге және Қазақстанның бай мәдени мұрасымен жақынырақ танысуға шақырамыз.
Құрметпен,
Қазақстан Республикасының
Словениядағы Елшілігі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









