C5+ ACCELERATOR бағдарламасына қатысушыларды қабылдау басталды!

    Сіздің ҮЕҰ адамдарға көмектесіп, қоғамдық мәселелерді шешуге үлес қосып келеді. Ұйымның командасын қалай нығайтуға, серіктестер табуға және қызметін қаржылық тұрғыдан тұрақты етуге болады?

    C5+ Consortium Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарын (ҮЕҰ) ұйымдық даму бойынша 10 апталық практикалық онлайн-бағдарламаға қатысуға шақырады.

    Бағдарлама аясында қатысушылар төмендегі бағыттар бойынша білім мен тәжірибе алады:

    ● Ұйымның қаржысын жоспарлау және қаржылық моделін әзірлеу.
    ● Халықаралық донорлар мен корпоративтік серіктестерге арналған жобалар мен құжаттарды дайындау.
    ● Басқару жүйесін, ішкі рәсімдерді қалыптастыру және команда жұмысының тиімділігін бағалау.
    ● ҮЕҰ қызметін ілгерілету, бұқаралық ақпарат құралдарымен, бизнеспен және мемлекеттік органдармен өзара байланыс орнату.
    ● Цифрлық құралдар мен жасанды интеллектіні пайдалану.
    ● Әлеуметтік жобаларды басқару және олардың нәтижелерін бағалау.

    Конкурстық іріктеу нәтижесінде 50 ұйым бағдарламаға қатысады. Бағдарлама аяқталғаннан кейін үздік 10 ҮЕҰ өз жобаларын сарапшылар мен әлеуетті серіктестер алдында өтетін қорытынды Demo Day (Демо-күн) аясында таныстырады.

    Демо-күн қорытындысы бойынша ең перспективалы 3 жоба гранттық қаржыландыруға ие болады.

    Бағдарлама форматы: онлайн, 10 апта.
    Қатысу уақыты: аптасына 4–10 сағат.
    Команда: ұйымнан кемінде 2 өкіл қатысуы қажет.
    Өтінім қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 14 желтоқсанды қоса алғанға дейін.

    Қатысу шарттары мен тіркеу формасының сілтемесін алу үшін координаторға «С5» деп жазыңыз:

    Асия: +7 771 262 1830
    [email protected]

    Ұйымдастырушы: C5+ Consortium — «NGO Consult Hub» қоғамдық қоры және «Бизнес, қоғам және мемлекет байланыстары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі.

    Ұйымның дамуына, жаңа серіктестіктер орнатуға және әлеуметтік жобалардың тиімділігін арттыруға мүдделі ҮЕҰ әріптестеріңізбен осы хабарландыруды бөлісіңіз!

    #C5Accelerator #ҚазақстанҮЕҰ #ӘлеуметтікЖобалар

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Денисов ауданының әкімдігі" жаңалықтары