Мемлекеттік көрсетілген қызыметтерге қолжетімділік тақырыбы талқыланды !

    1 / 2

    Мемлекеттік көрсетілген қызыметтерге қолжетімділік тақырыбы талқыланды !

    Жалғызағаш ауылық округ әкімінің мемлекеттік қызметкерлер арасында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

    Дөңгелек үстел барысында мекеме тарапынан көрсетілетін 6 мемлекеттік қызмет түрі бойынша түсіндіру және пысықтау жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда:

    1. Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;
    2. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
    3. Жер учаскелерін алу үшін кезекке қою;
    4. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
    5. Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден немесе бөліп төлеу арқылы сату;
    6. Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту.

    Сонымен қатар, аталған мемлекеттік қызметтерді «Электрондық лицензиялау» порталы арқылы алу мүмкіндіктері түсіндірілді.

    Сондай-ақ ауылдық округ әкімдігі ғимаратында тұрғындардың электрондық мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуына арналған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының жұмысы, оның қолжетімділігі мен сапасы талқыланды

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Ескелді ауданы Жалғызағаш ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары