Тиранада Қазақстан Елшісі албан студенттерімен кездесті

    1 / 4

    Тирана, 2026 жылғы 25 қараша –Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған дөңгелек үстел аясында Елші Искандер Айсариев еуропалық құқық және халықаралық қатынастар бағыттары бойынша білім алып жүрген албан студенттерімен кездесті. Сұхбат барысында еліміздің қазіргі дамуы мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының басымдықтары кеңінен талқыланды.

    Елші Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазанда болған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауының негізгі бағыттары туралы айтып берді. Бұл бағдарламалық құжаттың басымдықтары республиканың дербес даму жылдарында жүзеге асырылған шаралары мен одан әрі жаңғыру міндеттері жан-жақты таныстырылды.

    Албан жас түлектерімен сұхбат барысында білім беруге, білікті мамандар даярлауға және заманауи технологияларды меңгеруге аса көңіл бөлінді. Цифрландыру мен жасанды интеллектіні қолдану мәселелері, сондай-ақ кәсіби білімнің артып келе жатқан маңызы сөз болды. Сонымен қатар мұғалімдердің еңбек жағдайларын жақсарту және педагог кәсібінің мәртебесін нығайту жөніндегі іс-шаралар таныстырылды.

    Болашақ заңгерлер мен халықаралық қатынастар саласындағы албан мамандары мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістерге өз қызығушылықтарын ерекше танытты.

    Пікір алмасу барысында екі ел арасындағы білім беру және гуманитарлық байланыстардың перспективалары жеке қарастырылды. Өзара кәсіби қарым-қатынастарды дамыту және кеңейту үшін академиялық топтар арасындағы байланыстардың маңызы аталып өтті.

    Кездесудің ашық форматы албан студенттеріне дипломаттармен және жеке сарапшылармен тікелей пікір алмасуға, қазіргі Қазақстан және ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығы аясындағы даму басымдықтары туралы толығырақ білуге мүмкіндік берді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Елшілігі" жаңалықтары