Бүгінгі қоғамның басты міндетінің бірі- сыбайлас жемқорлықпен күресу.Бұл еліміздің әрбір азаматының ар алдындағы жауапты міндеті десек артық айтпағандық. Сыбайластыққа байланысты әрбір әрекеттің тамырына балта шабу ортақ іс.Оған тоқтау болмаса, сыбайластықтан туындайтын жемқорлық пиғылеліміздің экономикалық, әлеуметтік дамуына өзінің нұқсанын тигізері сөзсіз.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оған қарсы іс – қимыл жүргізу – мемлекеттіксаясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсыкез келген адамның бойында алдымен сана,ар, ұят қалыптасқан жағдайда ғана қоғам өміріндегі адамгершілікке жат қылықтарданбойын аулақ ұстап, келеңсіз әрекеттентізгінінтартып жүрері шындық.Осы орайда, аталған індетпен түбегейлі күресу үшін алдымен халықтың құқықтық сауаттылығыбасты мәселенің бірі болып саналады. Ақиқатына жүгінсек, сыбайласу арқылы жемқорлыққа жол ашу- қоғамды іштен бұзатын қауіпті істің бірі. Ал дәніккендер құныққан пиғылынан арыла алмай өрескел келеңсіздіктердің туындауына өз қолдарымен үлес қосып жүргенін көпшілік қауым күнделікті өмірде кездесетіноқиғалардан естіп, теледидар хабарларынан көріп, баспасөз беттерінен оқыпжүр.
«Жемқорлық –індет, жою – міндет» демекші, онымен күресу – тек заң органдарының ғана емес, әрбір азаматтың борышы. Онымен күрес – тәлімді тәрбиеден бастау алады десем, артық айтқандық емес. Кезінде Алаш зиялылары халықтың санасын оятып, әділдікке, адалдыққа шақыру арқылы сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл бола білген. Қазақ ағартушылары мен ұлт зиялылары өз шығармалары мен еңбектеріндеадамгершілікті, адалдықты насихаттап, сыбайластыққа қарсы күресте ұлттық мүддені алға қойғаны белгілі.
Мемлекетімізде сыбайлас жемқорлық пен сыбайластықтың тамырына балта шабу мақсатында арнайы бағдарламалар мен жобалар іске асырылып, мемлекеттік қызмет саласында сандық технологияларды енгізу арқылы адами факторды азайтуға әсері мол , сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жұмыстар жүргізіліп келеді.Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлердің еліміздегі белгіленгензаңға сәйкес талапқа сай әрекет етуін қадағалайтын арнайы мониторинг топтар жұмыс атқаруда. Сол секілді жұртшылық арасында сыбайластық пен жемқорлықтан туындайтын зардаптың залалы туралы ақпараттықтоптартүсіндіру жұмыстарын өздерінің дағдылы істеріне айналдырған. Осындай игілікті істердіңкөпшіліктің санасын серпілтіп, біліктілігін жетілдіруге ықпалы мол деген ойдамын.
Тіршілікте сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін түрініңбірі-парақорлық. Оның алдын алу, жолын кесу, қылмыстық әрекетті әшкерелеу жұмыстарының нәтижесінде орын алған парақорлық әрекеттердің құрбандары өздерінің қолдарымен істеген іске заң алдында жауап беріп,тиістіжазаларын алуда.Қазақстан Республикасының«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»Заңына сәйкес,сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар, ондағы лауазымды тұлғаларжүргізуі тиіс. Атап айтқанда, мемлекеттік органдардың,ұжымдардың, жергілікті өзін –өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігінің шегінде өздерінің кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті деп атап көрсетілген.
Сыбайлас жемқорлық - ең алдымен заң үстемдігі қағидатын әлсіретеді.Сондықтан қоғамның барлық күш- жігерін біріктіріп, аталған індеттің жолын кесуге барлық амалдарды қолдану арқылы бұл құбылысқа түбегейлі қарсы тұруға болады. Сыбайлас жемқорлықпенкүресу әрбір адамның борышы,адамгершілік міндеті. Сондықтан ел болашағы үшін әрбір азамат, әр тұрғын сыбайластыққа, жемқорлыққа қарсы күресте белсенділік танытып, өз үлесін қосуға жауапты екенін есте сақтағаны жөн.
Ж.Қабидуллинова
«Тәуелсіз зерттеу орталығы»қ
қоғамдық бірлестігінің басшысы.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








