1 / 2
2026 жылғы 24 қарашада Еңбекшіқазақ ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Рахат ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлерімен бірлесіп, Қайназар ауылындағы көпбалалы отбасылардың тұрғын үйлеріне түтін датчиктерін орнату жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өрттің алдын алу және адам өмірін сақтау.
Сонымен қатар тұрғындарға жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, пештер мен электр жылыту құрылғыларын дұрыс пайдалану, сондай-ақ өрт шыққан жағдайда 101 немесе 112 нөміріне хабарласу қажеттігі түсіндірілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.





